Қытайлық China Eastern Airlines компаниясы 25 Airbus A330 neo ұшағын сатып алу туралы келісім жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәміле құны 9,4 миллиард долларды құрайды. Бұл қадам компанияның әуе паркін жаңарту және кеңейту стратегиясының бір бөлігі болып табылады.