Парагвайдың аты аңызға айналған қақпашысы Хосе Луис Чилаверт Франция құрамасымен ойын туралы пікір білдіріп, оларды «Африка командасы» деп атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Чилаверттің бұл мәлімдемесі Франция құрамасының құрамында африкалық текті ойыншылардың көптігіне байланысты айтылған. Ол Парагвайдың Франциямен кездесуінде қиындықтарға тап болатынын атап өтті.
