АҚШ-тың Чикаго қаласында көз жұмған қазақстандықтың денесі елге қайтарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдегендей, консулдық мекемелер барлық қажетті қолдауды көрсетті. Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, ал 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі болған. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған. Кейін Сыртқы істер министрлігі оның мәйіті табылғанын растады.