Chevron компаниясы Microsoft-пен Техастағы деректер орталығын электрмен жабдықтау туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісім аясында Chevron Microsoft-тың Техастағы деректер орталығын қамтамасыз ететін болады. Бұл қадам екі компанияның да энергия тұтынудың экологиялық таза көздеріне көшу стратегиясына сәйкес келеді.
