Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория президенті Яков Милатович 18-20 маусым аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарлауынша, 19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.
Тоқаев пен Милатович 2025 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында кездесті. Сол кезде Тоқаев Қазақстан Черногорияны Балқан аймағындағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айтты.
2026 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толады.
