«Челси» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Дастан Сәтпаевты маусым соңына дейін ағылшынның «Бернли» клубына жалға берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дастан Сәтпаев 2026-2027 маусымын «Бернли» сапында өткізеді. Футболшы әлеуметтік желіде бұл шешімге қатысты пікір білдірді: «Бұл бастамасы ғана. Бұл - мені нығайта түсетін жаңа тәжірибе. Ең жақсысы әлі алда!»

«Бернли» клубы жаңа ойыншыны әлеуметтік парақшасында таныстырып үлгерді. Айта кетері, «Бернли» Англияның футбол лигалары жүйесінде екінші дивизионда өнер көрсетеді.