Қазақстандықтарды толғандырған басты сұраққа жауап берілді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылы жинақты мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті ең төменгі жеткіліктілік шегін (ПМД) ресми түрде жариялады.

Бұл көрсеткіш әр азаматтың жасына қарай жеке есептеледі және жыл сайын инфляция мен базалық көрсеткіштерге сәйкес өзгеріп отырады. БЖЗҚ мәліметінше, жаңа шекті есептеу кезінде 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізге алынған.

Атап айтқанда:

  • 01Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • 02Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
  • 03Күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Талап 10 пайызға күшейді

Сарапшылардың есебінше, 2026 жылғы жеткіліктілік шегі биылғымен салыстырғанда орта есеппен 10%-ға өскен. Бұл елдегі инфляция деңгейі мен болжамды экономикалық жағдайға тікелей байланысты.

Яғни, зейнетақы қорындағы артық ақшаны баспанаға немесе емделуге жұмсағысы келетін азаматтар енді көбірек жинақ көрсетуі тиіс.

Жасыңызға қарай қанша жинау керек?

БЖЗҚ ұсынған кестеге сәйкес, азаматтардың шотында қалуы тиіс ең төменгі сома 3 миллион мен 10 миллион теңге аралығында құбылады. Еңбекке қабілетті белсенді жастағы азаматтар үшін сандар мынадай:

  • 0120 жастағылар үшін: кемінде 3 миллион 720 мың теңге;
  • 0230 жастағылар үшін: кемінде 5 миллион 120 мың теңге;
  • 0340 жастағылар үшін: кемінде 6 миллион 720 мың теңге болуы шарт.

Осы сомадан асқан ақшаны ғана заңды түрде шешіп алуға рұқсат етіледі.

Жаңа шектеулерді ұмытпаңыз

Айта кету керек, зейнетақы жинағын пайдалану ережелері соңғы уақытта қатаңдай түсті. Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда БЖЗҚ-дан офтальмологиялық (көз) емдеуге ақша шығаруға тыйым салынған болатын.

Оның алдында дәл осы шектеу стоматологиялық қызметтерге де енгізілген еді. Сондықтан, жинақты пайдалануды жоспарлаған кезде тек жеткіліктілік шегін ғана емес, рұқсат етілген мақсаттарды да мұқият тексерген абзал.