Әлеуметтік желіде оқушылар тапсыратын БЖБ (Бөлім бойынша жиынтық бағалау) мен ТЖБ-ның (Тоқсандық жиынтық бағалау) алынып тасталатыны туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биылғы оқу жылында ешқандай өзгеріс болмайды. БЖБ мен ТЖБ бұрынғыдай қалады, оларды алып тастау мәселесі қазір күн тәртібінде жоқ.

Дегенмен, қазіргі жүйенің тиімділігі тексеріліп жатыр. Министрлік ғалымдар мен сарапшылардан тұратын арнайы жұмыс тобын құрған. Олар 2016 жылы енгізілген бағалау жүйесінің қаншалықты объективті екенін және оны қалай жақсартуға болатынын зерттеуде.

Сонымен қатар ведомство ауызша емтихандарды толықтай қайтару мәселесін қарастырып жатқан жоқ.

««Мамандар жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды, бірақ әзірге балалар бұрынғы режимде оқып, тест тапсыра береді», – деп хабарлады министрлік.»