Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық технологиялық қауымдастық Network School негізін қалаушы Баладжи Сринивасанмен жасанды интеллект және IT саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында әкімдікпен және жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп Бурабай аулында Network city технологиялық қалашығын құру тұжырымдамасы ұсынылды. Технологиялық паркті Network City деп атау және мемлекеттік қаржыландырусыз салу жоспарланып отыр. Жоба IT мамандары үшін тартымды болуға бағытталған, ал технологиялық қалашықтың тәжірибесін Алатау қаласында кеңейту көзделіп отыр. Жобаны Қазақстанда ашу жөнінде Network School пен жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 2026 жылдың 21 шілдесінде келіскен болатын.
