Ақмола облысында халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысын облыс әкімі Марат Ахметжанов бастап берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа нысан халықаралық форумдар, іскерлік кездесулер, көрмелер мен ауқымды мәдени іс-шараларды өткізуге арналған заманауи алаңға айналады.
«Бұл – «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бой көтеретін алғашқы нысандардың бірі. Бурабай Қазақстандағы туризмді дамытудың үш басым орталығының қатарына кіреді және бірегей табиғи әлеуетке ие. Бүгінде оның демалыс орны ретіндегі тартымдылығын сақтап қана қоймай, жыл он екі ай бойы қонақ қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылым қалыптастыру маңызды», – деді Ахметжанов.
Жаңа кешен MICE-туризмді дамытуда да ерекше рөл атқарады. Осындай ауқымды алаңның пайда болуы өңірге халықаралық ұйымдарды, іскерлік қауымдастықтар мен кәсіби бірлестіктерді тартуға мүмкіндік бермек.
