Украинаның Еуроодақпен қауымдастығы Ресейге қарсы бағытталған, деп мәлімдеді бундестагтағы оңшыл оппозициялық "Германияға балама" (AfD) партиясының депутаты Штеффен Котре. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Котре бұл пікірді РИА Новостиге берген сұхбатында айтты. "Біз тағы да Ресейге қарсы бағытталған идеологиялық және саяси жобаны көріп отырмыз. Бұл оның экономикалық негізінің өте әлсіз екенін және ақырында күйрей бастайтынын көрсетеді", - деді Котре.
Депутат Петербург халықаралық экономикалық форумының (ПХЭФ) аясында Германияның Украинаға Еуроодақтың қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беру туралы ұсынысына түсініктеме берді. Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 3-6 маусым аралығында өтті. РИА Новости ПХЭФ-тің бас медиа серіктесі болып табылады.
