БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дүйсенбі, 27 шілдеде, органның кестесіне сәйкес Украина бойынша отырыс өткізеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Отырыс сағат Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге жоспарланған. Тақырыбы - "Украинада бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау". Кеңес отырысын Украина тарапы сұрады.
Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы 2026 жылдың 9 шілдесінде шұғыл шақыртылған болатын. Бұдан бөлек, 2026 жылдың 8 маусымында Украина тарапының сұрауы бойынша да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткізілді.
