Біріккен Ұлттар Ұйымы Непалдағы жойқын су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін донорлардан 49,6 млн доллар сұрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт айлық төтенше әрекет ету жоспары Непал үкіметімен бірлесіп әзірленді. Оның басты мақсаты — қыс келгенге дейін қол жетпейтін биік таулы аймақтардағы адамдарға көмектесіп үлгеру. Қаражат келесі бағыттарға жұмсалады:
- 01тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
- 02баспанамен қамтамасыз ету;
- 03таза су және санитариялық жағдайларды жақсарту;
- 04денсаулық сақтау қызметтерін көрсету;
- 05балаларды қорғау және білім беруді қолдау.
Сонымен қатар, Катмандуға ЮНИСЕФ пен ЕО-ның алғашқы ұшағы 84 тонна гуманитарлық жүкпен (дәрі-дәрмек, шатырлар, қысқы киімдер) жетті. Непал билігі елдің инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалатын жалпы шығын миллиардтаған долларды құрайтынын атап өтті.
Бұған дейін «Курсив» 2026 жылғы 26 тамызда Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданы шекарасында мұздықтың опырылуы болып, Гималайда ірі су тасқынын тудырғанын жазған болатын.
Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 1 294 адамға жетті, мыңдаған адам хабарсыз кетті. 84 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Жолдар, көпірлер, электр желілері және сумен жабдықтау жүйелері қираған.
