Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені БҰҰ-ға мүше 193 елдің тек 51-і қолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мәлімдеді.
«Биыл бұл декларацияға 51 ел қол қойды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 елге көп», – деді ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы алдында.
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ресми түрде ашылды. Жалпы пікірталастар 22-26 қыркүйек және 28 қыркүйек күндері өтеді.
РИА Новости бұған дейін БҰҰ-дағы аталған мәлімдемеге АҚШ қосылмағанын хабарлаған болатын.
