БҰҰ Бас хатшысы қызметіне кандидат Олара Отунну Украинадағы қақтығысты шешу Дүниежүзілік ұйым басшысы үшін басымдық болуы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін біз бүкіл әлем бойынша ірі қақтығыстарға тап болып отырмыз. Бұл қақтығыстар Бас хатшы үшін ерекше басымдық болуы керек: қатысу, жұмылу, зерттеу, тыңдау, шешімдер ұсыну мүмкіндіктерін іздеу... Мен әсіресе Украинадағы, Газадағы, Африканың Ұлы көлдер аймағындағы, Судандағы, Ирандағы, Африка мүйізіндегі және Сахельдегі қақтығыстарды айтып отырмын", - деді ол.

Отунну сайып келгенде, шешім қақтығыс тараптары мен негізгі ойыншылардың мойнында болатынын айтты.