БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Украинадағы атысты толық әрі дереу тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Гутерреш Бішкекте өткен ШЫҰ саммиті аясында сөйлеген сөзінде: "Төрт жылдан астам уақыт өтті. Енді Украинадағы атысты толық әрі дереу тоқтататын уақыт келді. Бұл халықаралық құқыққа, соның ішінде БҰҰ Жарғысы мен тиісті қарарларға сәйкес әділ, берік және жан-жақты бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөзге жол ашады", – деді.
БҰҰ бас хатшысының бұл мәлімдемесі Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған халықаралық күш-жігер аясында жасалып отыр. Ол бейбіт келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.
