БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші жоғары деңгейдегі апталығы аясында әлем көшбасшылары Нью-Йоркке жиналды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға 130-ға жуық көшбасшы қатысып, «Сенімді қалпына келтіру, трансформацияны басқару: барлығына қызмет ететін Біріккен Ұлттар Ұйымы» тақырыбын талқылайды.

BBC тілшісі Сара Смит АҚШ президенті Дональд Трамптың кімдермен кездесетінін және күн тәртібіндегі негізгі тақырыптарды атап өтті.