БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша әртүрлі делегациялар арасында бірқатар жабық есік артындағы кездесулер өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

«Біз бірқатар кездесудің, әртүрлі делегациялар арасындағы жабық есік артындағы кездесулердің өткенін білеміз», — деп жауап берді Дюжаррик баспасөз мәслихатында РИА Новостидің сұрағына.

Ол сондай-ақ мүдделі елдердің БҰҰ-дағы уақытын қақтығысты тоқтатуға бағытталған келіссөздер мен талқылаулар үшін пайдаланатынына үміт білдірді.

«Бас хатшы бұл мәселе бойынша мүмкіндігінше белсенділік танытып отыр деп санаймын», — деді Дюжаррик.

Ол бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш АҚШ қатысатын үшжақты кездесу туралы талқылаулар кезінде Ресей және Украинамен байланыста екенін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін БҰҰ-да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51-і қолдағаны хабарланған болатын.