Bumble танысу қосымшасының иелері компанияны сату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі эксклюзивті түрде хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, Bumble әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізу үшін инвестициялық банктерді тартқан. Компанияның нарықтық құны шамамен 1,5 миллиард долларды құрайды.
Bumble 2014 жылы Уитни Вулф Херд негізін қалаған және әйелдердің бірінші қадам жасауына мүмкіндік беретін танысу платформасы ретінде танымал. Компания 2021 жылы Nasdaq биржасында IPO өткізген болатын.
Сату туралы шешім әлі қабылданған жоқ, және келіссөздер сәтсіз аяқталуы мүмкін. Bumble өкілдері бұл ақпаратқа ресми түрде түсініктеме бермеді.
