Фото: Ақорда

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әзербайжанның жүк транзитіне қойған шектеулерді алып тастау туралы келісімге қол жеткізгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

«— Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан өз аумағы арқылы Арменияға жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл өте маңызды мәлімдеме және мен Әзербайжан президентіне бұл қадамы үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ Қазақстан президенті мен Грузия премьер-министріне осы келісімге қол жеткізудегі рөлі үшін алғысымды білдіргім келеді, — деп мәлімдеді Пашинян Тбилисидегі Жібек жолы форумында.»