2025 жылғы 18-20 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері жаңа болжамда хабарлады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, тұрақсыз ауа райының себебі – республиканың үстінен өтетін Атлант циклоны. Ол жаңбыр мен қар әкеледі, кей жерлерде төменгі боран мен мұз басу ықтимал.

««Елдің оңтүстік-батысы мен шығысында 19-20 қарашада антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы, жауын-шашынсыз болады», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.»

Сондай-ақ, республиканың барлық аумағында желдің күшеюі мен тұман күтіледі.

Ауа температурасына келер болсақ, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек елдің шығысында түнгі уақытта температура -6°С-тен -23°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2°С-тен +10°С-қа дейін жылы болады.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК директоры Марина Шмидт елдегі климат өзгерістері туралы айтып, температураның көтерілуі мен жел жылдамдығының төмендеуі климаттың басты ерекшеліктері екенін атап өткен.