Фото: корреспондент.net

Алдағы жұма күні, 2025 жылғы 24 қазанда, еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр, тұман, қатты жел және үсік күтіледі, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

««Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, негізінен жаңбыр түрінде күтіледі», — делінген хабарламада.»

Түнгі және таңертеңгі уақытта ел аумағының көп бөлігінде тұман түсіп, ал солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

««Түнде солтүстік пен Жетісу облысының орталығында -1…-3°С үсік жүреді», — деп нақтылады синоптиктер.»

Сонымен қатар бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары және аса жоғары өрт қаупі сақталады.

  • 01Жоғары өрт қаупі – Маңғыстау, Ұлытау, Атырау (солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктері), Ақтөбе (оңтүстік және шығыс), Жамбыл (оңтүстік және орталық), Қызылорда (солтүстік және орталық), Алматы (батыс), Қостанай (оңтүстік-батыс) және Ақмола (оңтүстік) облыстарында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде күтіледі.
  • 02Аса жоғары өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Атырау (оңтүстік және шығыс бөліктері), Жамбыл (батыс және солтүстік), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық), Алматы (солтүстік), Қостанай (оңтүстік) және Ұлытау облыстарында болжануда.