Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 10 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның қай аймақтарында ауа райы қолайсыз болатынын, хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді, ал кей жерлерде қалың қар түседі.
««Солтүстік антициклонының әсерінен қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген хабарламада.»
—
Еске салайық, бұған дейін 8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытқанын жазған едік.