Фото: instagram.com/ochooou_official
Әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында өз шығармашылығын қолдап жүрген көрермендеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
««Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге үлкен алғыс айтамын. #Ыстықұя фильмі – жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рахмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызықты болмақ», — деп жазды актер.»
—