Broadcom және Apple чиптерді бірлесіп әзірлеу және жеткізу бойынша серіктестігін 2031 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісімшарт аясында Broadcom Apple үшін арнайы чиптерді, соның ішінде 5G және басқа да сымсыз байланыс компоненттерін жобалап, жеткізетін болады. Бұл серіктестік екі компания арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтады.
