Нью-Делиде өткен БРИКС саммитінің қорытынды декларациясында Украина және украин қақтығысына қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар декларацияда бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер, сондай-ақ БРИКС елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту және жаһандық басқару жүйесін реформалау мәселелері қамтылған.

БРИКС – 2006 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия құрған мемлекетаралық бірлестік. 2011 жылы ұйымға Оңтүстік Африка Республикасы қосылды. 2024 жылдың басынан бері БРИКС құрамына тағы бірқатар мемлекет кірді.

2026 жылы БРИКС-ке Үндістан төрағалық етіп отыр.

БРИКС аясындағы серіктестік теңдік пен тату көршілік қағидаттарына негізделген – Путин.