Бразилияда экстремалды спорт түрі – арқанмен секіру кезінде нұсқаушылардың қателігінен 21 жастағы әйел қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мария Эдуарда Родригес де Фрейтас атты әйел Сан-Паулу штатындағы тасталған көпірден секірген кезде арқан бекітілмеген. Оқиға сенбі күні болған. Жәбірленуші 40 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ дулыға киген екі ер адамның Родригес де Фрейтасты қолтығынан ұстап тұрғаны, ал үшіншісінің аяғынан ұстағаны көрінеді. Оны көпірден лақтырған кезде куәгерлер нұсқаушыларға арқанды бекітуді айқайлап айтады. Үш ер адамның өздері қауіпсіздік арқанына байланған.
Полиция оқиғаны тергеп жатыр. Жергілікті Globo басылымының хабарлауынша, күдіктілерге қасақана емес, бірақ өлім қаупін болжаған кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылуы мүмкін.
Родригес де Фрейтас келесі күні жерленді. Арқанмен секіру – банджи-джампингтен ерекшеленетін экстремалды спорт түрі. Онда серпімді арқан емес, альпинистік арқан қолданылады, бұл құлауды көлденең маятник тәрізді тербеліске айналдырады.
"Skeleton Bridge" (Қаңқа көпірі) деп аталатын көпір бірнеше жыл бойы тасталған және федералды үкіметтің жауапкершілігінде. Бразилияның Федералды активтер секретариаты тергеуге көмектесуге дайын екенін білдірді. Лимейра қалалық әкімдігі көпірді тиісті деңгейде басқармағаны үшін федералды үкіметке сотқа беретінін мәлімдеді. Әкімдік бұл өлімді "төзгісіз және қабылданбайтын" деп атады.
Жергілікті билік нұсқаушылар жеке компанияға тиесілі болғанын, бірақ кейбір деректер олардың бейресми топтарға қатысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.
