Бразилия АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа тарифтеріне «қатаң» шаралармен жауап беруге дайындалып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздердің айтуынша, Бразилия үкіметі Трамп әкімшілігінің сауда саясатына қарсы тұру үшін бірнеше нұсқаны қарастыруда. Жауап шаралары экономикалық ықпалды ескере отырып, мұқият дайындалуда.
