Батыс Қазақстан облысында құрылыс алаңында кран құлап, бір жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Мичурино ауылында таңертең сағат 10:00 шамасында болған. Полиция мәліметінше, көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан алаңда мұнаралы кран құлаған.

Салдарынан кран машинисі оқиға орнында көз жұмды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.