Фото: коллаж qazaqyia.kz/

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Журналист Назаровты тікелей эфирге қосылып, маңызды сұрақтарға жауап беруге шақырды.

«“Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын! Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет. Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын”, — дейді журналист.»

Ол Назаровқа қолғаптың орнына дипломдарын, студент кезіңізде түскен суреттерін ала келуін айтты.

«“Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін. Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас. Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр. Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз. Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз! Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!”, — дейді Әбенова.»