Борнео аралындағы Батыс Калимантанның Кетапанг аймағында әлсіз орангутан жерде жатқан күйі табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Индонезия Борнео және Суматра аралдарындағы алты провинцияда өрттен болатын түтінмен күресуді күшейтті. Өрт жүздеген орангутанның тіршілік ету ортасының бір бөлігін жойып, түрдің сақталуына қауіп төндіріп отыр.

«Жағдай өте күрделі», – деді Yayasan Inisiasi Alam Rehabilitasi Indonesia (YIARI) жабайы табиғат қорының бас директоры Кармеле Льяно Санчес. Санчес өрт орангутандарды «азық-сусынсыз қалдырып жатқанын» айтты.

YIARI мәліметінше, табылған орангутан одан әрі емделу үшін оңалту орталығына жеткізіледі, ал сауыққаннан кейін табиғатқа қайта жіберіледі.