Борнеода сегіз орангутан табиғатқа жіберілді. Олар қарқынды орман өрттерінен құтқарылған болатын. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үш ана, олардың үш қызы және екі ересек еркек орангутан жұма күні аралдың батысындағы қорықта табиғатқа жіберілді.
Индонезия жабайы табиғат қорғау органдары тамыз және қыркүйек айларында олардың мекендеу ортасын өрт шарпығанға дейін 46 орангутанды құтқарған. Бұл түр сын көтермейтін жағдайда жойылып бара жатқандар қатарына жатады.
