2025 жылдың 14 желтоқсанында Бонди-Бичтегі Ханука фестивалінде болған теракт кезінде оқ тиген 90 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еврей қауымдастығының жоғары лауазымды өкілі жұма күні хабарлағандай, 90 жастағы әйел осы жылы шабуылдан алған жарақаттарын емдеу үшін ауруханаға бірнеше рет барып қайтқан. Қарт әйел инфекция жұқтырып, ауруханаға қайта түскен, онда инсульттан кейін қайтыс болған.

Оның жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді деп жоспарланған. Отбасының өкілі «осы қиын кезеңде жеке өмірімізге қол сұғылмауын» сұрады.

Еске салайық, 2025 жылдың 14 желтоқсанында Бонди-Бичтегі Ханука фестивалінде 24 жастағы Навид Акрам мен оның әкесі 50 жастағы Сажид Акрам атыс ашқан. Салдарынан 15 адам қазақы тапқан, 40 адам жараланған.

Сажид Акрамды полиция оқиға орнында атып өлтірген. Навид Акрамға 78 қылмыстық айып тағылған, оның ішінде 15 кісі өлтіру және террористік акт жасау айыптары бар. Тергеушілердің айтуынша, ол «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымының ықпалымен әрекет еткен болуы мүмкін. Ол әлі сот алдында.

Бұл оқиға Австралиядағы ең ауыр терактілердің бірі ретінде тарихта қалды. Билік өкілдері мен қауымдастық көшбасшылары қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, терроризмге қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.