Боливияның Виача қаласындағы әскери казармада болған жарылыстан кемінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап.

Жарылыс жұма күні сағат 14:30-де (18:30 GMT) артиллериялық полк орналасқан казармада болды. Боливияның Қорғаныс министрі Эрнесто Хустинианоның мәліметінше, жарылыс «пиротехникалық материалдардың» детонациясынан болған, кемінде 58 адам жарақат алған.

Денсаулық сақтау қызметкері Рита Небраска жергілікті телеарнаға берген сұхбатында, Виачадағы оқиға салдарынан 10-15 адам қаза тапқан болуы мүмкін деп мәлімдеді. Виача — Ла-Пастан шамамен 30 шақырым (19 миль) жерде орналасқан қала.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс салдарынан ондаған үй зақымданған, негізінен терезелер сынған. Құтқарушылар үйінділер астынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Небраска тағы бір жарылыс қаупі бар екенін ескертіп, адамдарды әскери базадан кемінде 150 метр қашықтықта болуға шақырды.

Полиция өкілі Роджер Рока AFP агенттігіне казармада фейерверктер сақталғанын, жарылыс себебі әлі тергеліп жатқанын айтты.

Виача билігі үш күндік аза тұту жариялады.