Қазақстандық спортшылар Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындары-2026-да көркем жүзуден дуэттер сайысында қола медаль жеңіп алды. Техникалық және еркін бағдарламалардың қосындысы бойынша олар 565,7326 балл жинады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Техникалық бағдарламада қазақстандық дуэт 279,6500 балл алды. Еркін бағдарлама үшін Болатова мен Туякова 286,0826 балл жинады.

Алтын медальді Қытай өкілдері Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйянь жеңіп алды – 640,3576 балл. Жапониялық Моэ Хига мен Томока Сато 601,5566 баллмен күміс жүлдегер атанды.

27 қыркүйек. Көркем жүзу. Дуэттер

🥇 1. Линь Яньцзюнь / Сюй Хуэйянь (Қытай) – 640,3576 🥈 2. Моэ Хига / Томока Сато (Жапония) – 601,5566 🥉 3. Наргиза Болатова / Ясмин Туякова (Қазақстан) – 565,7326

Жапониядағы XX жазғы Азия ойындары ресми түрде 19 қыркүйекте ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын жарыстарда 460 медаль комплектісі сарапқа салынады. Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 35 спорт түрінен 558 спортшы өнер көрсетеді.

Азиада-2026 шолулары: 1-күн, 2-күн, 3-күн, 4-күн, 5-күн, 6-күн, 7-күн.