Астанада «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирі аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтті. Қатысушылар әрбір ойынның екі форматында жарысты. Мысалы, фиджитал-шутерде алдымен «Counter-Strike 2» бойынша, одан кейін лазертагта күш сынасты. Фиджитал-баскетбол, фиджитал-футбол, фиджитал-файтинг те осылай өтті.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 650 000 долларды құрады.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna чемпиондары:
1. Фиджитал-баскетбол
- 011 орын - Wilders ($100 000)
- 022 орын - LIGA PRO TEAM ($60 000)
- 033 орын - Dangerous ($35 000)
2. MOBA PC Dota 2
- 011 орын - PlayTime ($350 000)
- 022 орын - Yakult Brothers ($160 000)
- 033 орын - Team Resilience ($120 000)
3. Фиджитал-дансинг
- 011 орын - Franco Vitali ($20 000)
- 022 орын - Lina ($15 000)
- 033 орын - Sergio Mayta ($10 000)
4. Фиджитал-шутер
- 011 орын - Team KZ ($50 000)
- 022 орын - Liga Pro Team ($35 000)
- 033 орын - Minsk House ($20 000)
5. Фиджитал-файтинг
- 011 орын - Archangel Michael ($100 000)
- 022 орын - NEFOR TEAM ($80 000)
- 033 орын - RCC ($70 000)
6. Фиджитал-футбол
- 011 орын - NS Team ($150 000)
- 022 орын - Quetzales-Armadillos ($85 000)
- 033 орын - FC Olympic Phygital ($50 000)
7. MOBA Mobile MLBB
- 011 орын - Bigetron by Vitality ($315 000)
- 022 орын - ONIC ($144 000)
- 033 орын - Aurora Gaming ($108 000)
8. Battle Royale - PUBG: BATTLEGROUNDS
- 011 орын: 17 Gaming ($300 000)
- 022 орын: GAM The Expendables ($120 000)
- 033 орын: Team Vitality ($100 000)
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna Қазақстанға жоғары технологиялық халықаралық іс-шараны өткізудің бірегей тәжірибесін берді. Киберспорт, IT, телехабар тарату, инженерия, логистика, қауіпсіздік және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру саласында жаңа құзыреттер алынды.
Сонымен қатар, бұл Астананың дамуына және Қазақстанның туристік тартымдылығына қосылған орасан зор үлес. «Ең бастысы, бұл тәжірибе Қазақстанда қалады», - дейді ұйымдастырушылар.
