Оңтүстік Африкада бұрынғы әлем чемпионы боксшы Золани Тете өз үйінде атылып өлтірілді, деп хабарлайды үкімет өкілдері жұма күні. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ОАР-дың спорт, өнер және мәдениет министрі Гейтон Маккензидің айтуынша, 38 жастағы Тете өз көлігінде қаза тапқан, ал онымен бірге болған 27 жастағы әйел бірнеше рет оққа ұшып, ауруханаға жатқызылған.
Тете 2007-2008 жылдары WBF жеңіл салмақта, ал 2017 және 2019 жылдары WBO бокс белтемірін иеленген.
Полицияның мәліметінше, оқиға Шығыс Кейп провинциясының Мданцане қаласында болған. Тете үйіне келіп, қақпаның ашылуын күтіп тұрғанда, оған бетперде киген екі қарулы шабуыл жасаған.
