Ұлттық Олимпиада комитетінде Спорт күніне орай белгілі боксшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаттықтырушылар Асқар Еркебаев пен Елдос Сайдалин, сондай-ақ боксшылар Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай мен Назым Қызайбай "ҚР Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері" І дәрежелі Құрмет белгісімен марапатталды. Тағы бір жаттықтырушы Долкунжан Камековке дәл осы медальдің ІІ дәрежесі табысталды.

Айта кетері, Асқар Еркебаев Қазақстан құрамасының бас бапкері, Елдос Сайдалин әйелдер құрамасын, ал Долкунжан Камеков Алматыдағы боксшы қыздарды жаттықтырады.