Boeing компаниясы АҚШ үкіметіне Еуропалық Одақтың Airbus-қа берген рекордтық несиесіне қатысты араласуды сұрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Reuters агенттігінің эксклюзивті ақпаратына сәйкес, Boeing компаниясы АҚШ билігіне Airbus-қа берілген рекордтық көлемдегі несиеге қатысты шара қолдануды өтінген. Бұл қадам екі авиациялық алып арасындағы бәсекелестіктің шиеленісуіне байланысты болуы мүмкін.
