BMW ерікті жұмыстан босату бағдарламасы арқылы бірнеше мың жұмыс орнын қысқартады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания бұл қадамды шығындарды азайту және тиімділікті арттыру мақсатында жасап отыр. Қысқартулар ерікті түрде жүзеге асырылады, яғни қызметкерлерге өз еркімен кету ұсынылады. Нақты қанша адамның жұмыстан босатылатыны әзірге белгісіз, бірақ бұл бірнеше мың адамды қамтиды деп күтілуде.