Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) мемлекет басшыларының саммиті Бішкекте 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Саммит қорытындысы бойынша ұйым мүшелері өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр. Сондай-ақ, мүше елдердің ақша аударымдары жүйесінде өзгерістер жоспарлануда. Көлік-логистикалық дәліздер мен энергетика саласындағы жобалар да талқыланды.

Тікелей эфирде осы және басқа да сұрақтарға жауап берілді. Бішкектен Қырғызстан тарапынан ШЫҰ ұлттық үйлестірушісі Алмаз Букалаев және экономист Қубатбек Рахимов қатысты. Астанадан Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті профессорының көмекшісі, Қазақстанның халықаралық қатынастар және сыртқы саясаты бойынша сарапшы Рүстем Құрманғожин пікір білдірді. Минскіден саясаттану ғылымдарының докторы Николай Левчук және Стратегиялық зерттеулер институтының талдаушысы Ольга Лазоркина қосылды. Ташкенттен Орталық Азия халықаралық институтының өкілі қатысты.