Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Бұл – түрлі мәдениеттер, дәстүрлер, құндылықтар мен спорттық тәжірибелер тоғысатын халықаралық алаң.
Ойындар үш бағыт бойынша өтеді: этноспорт, этномәдениет, сондай-ақ ғылым мен дәстүрлі білім. Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өткен болатын.
