Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілікті. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Степногорск қалалық сотында Байжановтың өтініші қаралды. Адвокаттың айтуынша, ол жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық аясында бостандыққа шығатын болады. «Ал түстен кейін сот қаулысы мекемеге жіберіледі. Соның негізінде дереу Байжановты дереу босатуы қажет», - деді Ынтықбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Байжановтың мерзімінің өтелмеген жазасы үш айдан сәл асады. Айта кетері, Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Былтыр оның жазасы қысқартылған болатын.
