Қуандық Бишімбаевтың бауыры Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Уразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.

«Күдіктінің бауырына қатысты. Мен бұрын жазғанымдай, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді.

Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр:

  • 01Қылмыстық кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасыру»);
  • 01Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»).

Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралады, — делінген адвокат Жанна Уразбахованың хабарламасында.

фото: ашық дереккөзден

qazaqyia.kz/