Сот үкімі оқылғаннан кейін марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мен адвокаты Жанна Оразбақова журналистердің сұрақтарына жауап берді. Үкімге көңіліңіз тола ма деп сұрады журналистер олардан.
«– Үкім орындалса, 68 жасында шығады екен. Біздің күткен үкім де сол еді, – деді Айтбек Амангелді.»
—
Ал адвокат Жанна Оразбақова Қуандық Бишімбаев үкім оқылғаннан кейін көзінен қорқыныш көргенін айтады.
«– Менің оның көзінен үрей көрдім. Өзі үшін үрей. Күбірлеп кетіп бара жатты. Дұғасын оқып бара жатты ғой деймін, – деді ол.»
—