Қазақстанда банкаралық бірыңғай QR төлем жүйесі 2026 жылдың 19 шілдесінде іске қосылады. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сүлейменовтің айтуынша, ағымдағы жылдың 19 шілдесінен бастап бірыңғай банкаралық QR төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауының арқасында 1 мамырдан бастап осы жаңа экономикалық секторды іске қосудың құқықтық базасы қалыптасты.
Бөлшек төлем қызметтерін ұсынатын барлық банктер Банкаралық мобильді төлем жүйесіне қосылуға міндетті болады. Бұл жүйе тұтынушыларға әртүрлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы бірыңғай QR код сканерлеу арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.
