Мектептерде бірінші сынып оқушыларына арналған қазақ тілінде оқытатын бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында атап өтілгендей, бағдарлама қарым-қатынастың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол нақты өмірлік коммуникативтік жағдайларды пайдалана отырып, сыныптан тыс сабақтар немесе сынып сағаттары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама орта білім беру ұйымдарында, отбасында және қоғамдық орындарда қолданылады.

Бағдарламаны мектепте ата-аналардың өтініші бойынша немесе ата-аналардың жазбаша келісімімен мұғалімнің ұсынысы бойынша енгізуге болады. Бағдарламаны іске қосу үшін мектепте мыналар болуы керек: - бекітілген білім алушылар тізімі; - бекітілген бағдарламаны іске асыру жоспары мен кестесі; - білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін қолайлы білім беру ортасы; - бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін оқу және әдістемелік материалдар.

Бағдарлама бойынша мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да бірлесіп жұмыс істеуі керек.