Қазақстанның әртүрлі құрама командаларынан оралған жас қайратовцылар тоғызыншы турда қостанайлық құрдастарын 7:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дубльді елдің жасөспірімдер (U19) және жастар (U21) құрамаларының ойыншылары Аламгир Смаков пен Рамазан Багдат жасады. Тағы бір голды құрама ойыншылары Ермухаммад Керимхан мен Азамат Туякбаев соқты. Тағы бір гол Кайсар Малаевтың еншісінде.

Матч нәтижелері

  • 01**ҚАЙРАТ-ЖАСТАР (Алматы) – ТОБЫЛ-М (Қостанай) 7:0 (3:0)**. Голдар: Смаков 19 (1:0), Багдат 34 (2:0), Багдат 38 (3:0), Смаков 54 (4:0), Керимхан 68 (5:0), Малаев 79 (6:0), Туякбаев 85 (7:0)
  • 02**БАТЫР (Екібастұз) – АРЫС 1:1 (0:0)**. Голдар: Айтпакаев 90+1 (1:0), Молдакараев 90+5 (1:1). Алаңнан қуылды: Маликов (А, 89)
  • 03**ХАН-ТЕҢІРІ (Алматы) – ШАХТЕР (Қарағанды) 0:2 (0:0)**. Голдар: Мигунов 58 (0:1), Литош 88 (0:2)
  • 04**ТҰРАН (Түркістан) – КАСПИЙ-М (Ақтау) 3:0 (0:0)**. Голдар: Кенесов 23 (1:0), Тұрлыбек 37 (2:0), Махан 90 (3:0)
  • 05**ТАРАЗ – АСТАНА-М 1:2 (0:2)**. Голдар: Серіков 4 (0:1), Төкенов 30 (0:2), Қалыбаев 53 (1:2). Пенальти өткізілмеді: Амангелдинов (А, 90+4) қақпашы. Алаңнан қуылды: Даиров (Т, 33)
  • 06**ЕЛІМАЙ-М (Семей) – ЖАЙЫҚ (Орал) 0:1 (0:1)**. Гол: Умбетов 45+1
  • 07**АҚТӨБЕ-М – ОҢТҮСТІК АКАДЕМИЯСЫ (Шымкент) 1:4 (0:1)**. Голдар: Әли 3 (0:1), Халдар 64 (0:2), Бегімов 71 (1:2), Абдашим 76 (1:3), Нышантай 85 (1:4)

«Қайрат» «Тобыл-М» құрамасын тас-талқан етіп, көшбасшылықты жалғастыруда. Жора Арутюнянның шәкірттері тоғыз турда жеңіліс таппай келеді.

Бір ұпайға кейін қалған «Шахтер» бүгін Алматыда «Хан-Теңірі» командасын 2:0 есебімен жеңіп, маңызды жеңіске қол жеткізді. Мұнда да құрама ойыншысының голы болды. Жастар құрамасының шабуылшысы Артем Литош турнир басынан бері қарағандылықтар үшін алтыншы голын соқты. Жеті гол – тек қайратовец Исмаил Бекболатта. Жасөспірімдер (19 жасқа дейінгі) құрамасының капитанына қостанайлықтармен матчта демалыс берілді.

Үшінші орында «Тұран» тұр, ол «Таразды» КПЛ-2027 жолдамасын уәде ететін шептен ығыстырды. Түркістандықтар өз алаңында «Каспий-М» командасын 3:0 есебімен жеңсе, жамбылдықтар күтпеген жерде жас астаналықтардан 1:2 есебімен ұтылды.

Бірінші лиганың 10-турының матчтары 18 және 19 маусымда өтеді.