Біріккен партияның атауы мен төрағасы «Әділеттің» съезінен кейін белгілі болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Amanat партиясының хатшысы Александр Данилов бүгін Amanat партиясының съезі өткенін, ал «Әділет» партиясының съезі жексенбіде өтетінін айтты. «Сондықтан бәрі сол кезде белгілі болады», - деді Данилов. Ол сондай-ақ бұл Amanat партиясының «Әділетке» қосылуы емес, екі партияның бірігуі екенін нақтылады.
«Әділет» партиясының съезі 14 маусымға жоспарланған. Еске сала кетейік, бүгін Amanat партиясының съезінде қатысушылар «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешімді бірауыздан мақұлдады.
