Қазақстандағы бір палаталы парламенттік жүйенің қалыптасуының тарихи маңызы зор. Бұл туралы Ресей Федерация кеңесінің Халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Баир Жамсуев мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамсуевтің айтуынша, Қазақстанның институционалдық даму кезеңдері мемлекеттік аппаратты жаңғырту үшін берік негіз қалады. Оның пікірінше, заң шығару саласындағы тәжірибе алмасу тұрғысынан Қазақстанның тәжірибесін зерделеу ҰҚШҰ-ға мүше басқа мемлекеттер үшін де қызығушылық тудырады.